Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.04.2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиевамен кездесу


2018 ж. 2 сәуір күні Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты № 69 Жалпы білім беретін мектеп базасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Блалар құқығын қорғау бойынша уәкіл,Нұр Отан партияшының мүшесі Балиева Зағипа Яхянқызымен кездесу өтті.


Шараға Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, « Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бактуразова Алмажан Аскербайқызы, Алматы қаласы Білім Басқармасының басшысының орынбасары Айткулова Гульнар Молдагазықызы және мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, мектеп инспекторлары мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы өкілдері қатысты.


Кездесу барысында депутат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Қазақстан халқына жасаған үндеуі туралы толығырақ айтып, түсіндіріп берді.


Сондай ақ депутат бүгінгі күнге дейін азаматтарға тұрғын үйге деген қажеттілік әлі де жоғары екенін айтып, осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына үндеуі 2017 жылдан 2021 жылға дейін қол жетімді баспана сатып алғысы келетін азаматтар үшін тамаша мүмкіндік екенін атап өтті.


Ал кездесуге қатысып отырған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Даму» және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өкілдері азаматтардың сұрақтарына жауап берді.


Кездесудің екінші бөлімі семинар форматында өтті, Мәжіліс депутаты Бостандық ауданының №1 балалар үйі базасында пилоттық жобаны іске асыру үшін Балалар профилінің әлеуметтік сарапшыларымен, сондай-ақ «Отбасы және балаларды қолдау» орталығының қызметкерлерімен кездесті. «Отбасылық Академия» және №1 Балалар Үйі арасында жан-жақты отбасылық қолдау орталығы арасындағы Меморандумды іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесудің басты мақсаты - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ата-аналардың балаларын қорғауға қатысты мәселелерді және ең бастысы толық отбасында тұру құқығын талқылау.

03.04.2018