Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.03.2018

«Сенің денсаулығың сенің қолыңда» атты акция өтті


Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары «Тері-венерологиялық диспансері» МКМ ШЖҚ базасында «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» атты акция ұйымдастырып өткізді.

                           

Шараға жалпы саны 25 адам қатысты.

Акция барысында медицина қызметкерлеріне қолды дұрыс жуу және уақытылы өңдеу ережелерімен   таныстырып, денсаулық сақтау жағынан өте маңызды рөл атқаратындығына басты назар аударып көрсетті. Өйткені қол терісінің микрофлорасы адам ағзасына зияны тиуі мүмкін тұрақты және тұрақсыз микроорганизмдермен, түрлі бактериялармен ұсынылған.

                   

Ескерту және қоғамдық денсаулық сақтау максатында өткізетін мұндай акциялар басқа да мекемелерде жалғасын тауып, ұйымдастырылмақ.

02.03.2018