Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.11.2018

Аудандағы қылмыстық ахуал жағдайы талқыланды


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратынң мәжіліс залында аудан әкімі Алтай Ерғазыұлы Рақымбетовтың төрағалығымен және құқық қорғау органдардың қатысуымен ағымдағы жылы аудандағы қылмыстық ахуал, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың өсу себептерін анықтау, Бостандық ауданы аумағында заңсыз сауда орындарын жою және тұрғын үйді жалға беруді анықтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты жиын өтті.

           

Бас қосуға Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімінің бастығы, Бостандық ауданының прокуроры, Бостандық ауданы ББ бастығы, Бостандық ауданы ІІБ басшысы қатысты.

          

Жиын барысында Аудандық Полиция бөлімінің басшысы Утебаев Даурен Омарбекович баяндама жасады.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар басшыларға кеңестер берілді:

1. Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ басшысының орынбасары   - Д.Өтебаевқа:

қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көлікте (қалта ұрылары), тұрғын үйлерде (пәтерде) ұрлықты азайту бойынша жедел және алдын алу шараларын жүргізу (мерзімі - 2018 жылдың 6 қарашасы);

- құқық бұзушылыққа барынша бейім адамдар санатын анықтау (әлеуметтік-психологиялық портрет) (мерзімі - 2018 жылғы 6 қараша);

- тұрғын үйді жалға беру мәселелері бойынша заңнама мен тәртіптің сақталуына бақылауды күшейту, анықталған тұрғын үйдің саны туралы ақпаратты ұсыну (мерзімі - 2018 жылғы 6 қараша);

- аймақтағы қылмыстың ұлғаю себептері туралы ақпарат беру (мерзімі - 2018 жылғы 6 қараша);

2. Алматы қаласы Бостандық ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы - Алмұханбетов Д.О.

- заңсыз сауда-саттықты жою мәселелерін қатаң бақылауға алу, жергілікті инспекторлардың қызметтік міндеттерін орындамаған жағдайда оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту (үздіксіз мерзімге) енгізу арқылы шараларды қабылдау;

- жергілікті жерлердегі полиция инспекторларының қоғамдық орындарда жасалынған қылмыстардың ең көп саны (2018 жылдың 29 қазанына дейін) жұмысын күшейту;

- студенттің өз-өзіне қол жұмсау үрдісінің қауіп-қатерлерін анықтауды ескере отырып, оқушылардың осы санаттағы тұлғалармен алдын-алу шараларын жүргізіп, жұмыс нәтижесі бойынша ақпаратқа қол жеткізу (2018 жылдың 29 қазаны).

3. Жоғары оқу орындарының ректорлары, аудандық мектептердің директорлары: нашақорлық, алкоголизм және темекі шегудің алдын алу бойынша жұмысты күшейту - оқу жылында Алматы қаласының білім беру ұйымдарында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізу.

02.11.2018