Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.10.2019

Аудан тұрғындарымен көшпелі кездесу өтті


Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау және «Естуші мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында № 10 жалпы білім беру мектебінің акт залында Бостандық ауданы әкімі және аудандық құрылымдық бөлім басшылары тұрғындармен кезекті «Ашық есік күнін» өткізді.


Бұл жолы тұрғындар ауланың ішін абаттандыру, жасыл желекті санитарлық кесу, көшелерді жарықтандыру туралы сұрақтар қойды.


Кездесуде қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, сұрақтар шешімін табу үшін аудан басшылығының қарауына және бақылауына алынды. Бостандық ауданы тұрғындарының жеке қабылдауы апта сайын жүйелі түрде өткізіледі: дүйсенбі күні аудан әкімі аппаратында, сейсенбі күні  - бекітілген кесте аясында көшпелі қабылдау.

Келесі кездесу 8 қазан күні Қазақфильм ы/а, 15А үй, №70 ЖББМ қабырғасында сағат 15.00-ден кешкі 18.00-ге дейін өтеді.


02.10.2019