Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.10.2018

Қарттар айлығы басталды


Жыл сайын Қазақстанда 1 қазанда  Қарттар күнін атап өтеді. Бұл күндері барлық назар жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер, әлеуметтік тұрмыстары қамтылмаған қарттарға аударылады, оларға материалдық, әлеуметтік және өзге де көмек көрсетіледі.

          

2018 жылы 1 қазанында аудандағы «Атакент» ҚЫӘО базасында «Бақшасарай» салтанат сарайында қарттар айлығы салтанатты түрде бастады.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі мерекеге 70 аса ауданның құрметті ақсақалдарын  шақырып ақ дастархан жайды.

             

Мерекелік шараға келген қонақтарды ауданға жаңа тағайындалған әкім Рақымбектов Алтай Ерғазыұлы құттықтап,   жылы лебізін білдірді.

Құттықтау сөзіне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржанов Хамид Біржанұлы да қосылды.

           

Артынан №3 оқушылар шығармашылық үйінің жас талантты балаларының ұйымдастыруымен концерттік бағадарлама ұсынылды.

           

Қазан айы бойы аудан қарттарына барлық есі ашылып, түрлі көмектер, ашық есік күндері өткізіледі. Оның ішінде мектептерде ардагерлердің қатысуымен ашық сабақтар, кездесулер,  медициналық мекемелерде дәрігерлердің тегін қабылдаулары ұйымдастырылып, мекеме, ұжымдарда аға буын өкілдеріне көмектер көрсетіледі, Сондай ақ ауданда мәдени шаралар кинотеатрлар мен мүзейлерге, қалаға қыдыру, спорттық сайыстар өткізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда Бостандық ауданында 40 817 зейнеткер тұрады. Оның ішінде ҰОС ардагерлері 67, Ленинград қоршауында болғандар – 15, фашизм тұтқынында болған – 6,    100 жастан асқан – 9, еңбек майданына қатысушылар саны – 3 390.

02.10.2018