Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.09.2019

«Мәжіліс депутатының қатысуымен дөңгелек үстел»


Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстаан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова, Алматы қалалық сотының судьясы Венера Тоқтарбаеваның қатысуымен «Отбасылық сот» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы экскурсия бойынша сот Мәжілісінің Депутатына ұсынылған «Отбасы орталығы» кабинеттері, медиаторлар, адвокаттар, психологтар, балалар бөлмесі, сот отырыс залы және сот кеңсесі таныстырылды.

Дөңгелек үстел барысында «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асырудағы жетістіктер, атап айтқанда бітімгер-судьяның қызметі, «Отбасы орталығы» және сотқа дейінгі татуластыру рәсімдері» сияқты медиация рәсімдері талқыланды, соған сәйкес талап арыз берер алдында шиеленісті шешудің өзектілігі мәселесін шешу үшін психологтармен, медиаторлармен және бітімгер-судьямен консультациялық әңгімелесуден өтуді ұсынады.

 

Сот төрағасы А.Б.Ешеев «Отбасы орталығы» қызметі басталғаннан бері талап арыздарды беру саны азайғанын, сондай-ақ медиация тәртібімен аяқталған істердің саны артқанын атап өтті.Сонымен қатар, сотқа келіп түскен әкімшілік материалдардың санының артқанын атап өтті.Судья Г.Чинибекова сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді сұрады, себебі кәмелетке толмаған адамның темекі немесе семочканың тұқылын тастағаны үшін хаттама ресімделуіне байланысты, осы іс-әрекет үшін ата-аналарға 7 АЕК немесе 17675 теңге көлемінде айыппұл салынады, бұл көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналардың бюджетіне соқтыруы мүмкін айтарлықтай сома.

Мәжіліс депутаты С.Бычкова бұған дейін осы сотқа келгенін айтты, соңғы сапар барысында ол ювеналды әділет қызметі және оларды жақсарту жөніндегі ұсыныстар туралы айтарлықтар ақпарат жинап, бұл жолы да тиімді нәтижеге үміттенетінін айтты.

Дөңгелек үстел соңында Светлана Бычкова қатысушыларға кәмелетке толмағандармен жұмыс саласындағы белсенділіктері үшін және жас ұрпақтарға Қазақстан Республикасының парасатты азаматының қалыптасуына дұрыс жолды көрсету бастамалары үшін алғысын айтты, дөңгелек үстелдің өзектілігін атап өтті және сот төрағасына алғысын білдірді.

02.09.2019