Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.08.2018

Ауданда «Мектепке жол» акциясы басталды


Алматы қаласы Бостандық ауданында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен дәстүрге айналған жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды.

Аталмыш акция жыл сайын 1 тамыз - 30 кыркүйек аралығында өтеді. Шара тұрмысы төмен отбасы, жетім қараусыз қалған асыранды балаларғаға жаңа оқу жылына дайындыққа көмектесу және әлеуметтік тұрғында мектепке бара алмай қалмауы мақсатында ұйымдастырылған.

           

«Мектепке жол» жол акциясына мектеп мұғалімдері, ата-аналар, барлық мектеп түрінің тәрбиеленушілері, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау ведомствоаралық комиссия мүшелері, сондай ақ түрлі деңгейлі мекеме, ұйымдар мен мемлекеттік емес органдар, меценаттар мен еріктілер қатыса алады.

Осы орайда Сіздерден аталмыш акцияға барынша атсалысуларыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат бойынша осы іс-шараны ұйымдастырушы ауданның орта білім беретін мектептер әкімшілігіне хабарласуыңызға болады.

02.08.2018