Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.07.2018

«Үздік спикер» аудандық байқау өтті


«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы, партияның Жарғысы
мен сайлауалды бағдарламасын, мақсаты мен миссиясын партия мүшелеріне ғана емес, жалпы жұртқа жеткізу, сондай-ақ белсенді партия мүшелерін жан-жақты дайындап, кадр резервін қамту мақсатында, қаламызда тұңғыш рет Бостандық ауданында «Үздік спикер» байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.   

           

Құрамында  «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Тәбеев Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұратханұлы, қалалық мәслихат депутаты Байрамуков Ислам Ілиясұлы бар комиссия байқауға қатысушыларға көкейіндегі сұрақтарын қойып, олардың сөз сөйлеу шеберліктерін талдап, кейбіреулеріне пікір-сын айтып, артық-кем жерлерін түзетуге кеңес берді байқау жұмысын бағалады. 

           

Бірінші болып сөз кезегі  «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы
Саяси кеңесінің мүшесі,   бастауыш партия ұйымының төрағасы Жамангөзов Камал Әмірғалиұлы берілді.  Ол  Партия Жарғысы мен сайлауалды бағдарламасын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Елбасы Жолдауы мен «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын» қамтып, Комиссия мүшелерімен қойған  сұрақтарға тыңғылықты жауап берді.

            

Келесіде №23 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жылқыбаева Данагүл, «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бойынша өз ой-пікірін айтып жеткізді.  Байқауға қатысушыларға «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерінен құралған қолдау тобы жақсы әсер қалдырды.

          

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды - 470 балл жинаған Камал Жамангөзов, екінші орынды 465 және 464 балл алған Олжас Жандосов пен Нұрбол Жұмабековтер бөлісті. Үшінші орынды 455 баллмен №10 жалпы білім беру мектебінің директоры Үдірімова Шара Сабырқызы иеленді. 

02.07.2018