2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.06.2015

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ораз Жандосов ескерткіші алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті.

Шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты. Салтанатты шара ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу бір минут үнсіздіктен басталды. Жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев алғы сөзімен шықты.

 «ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдары қазақ халқы үшін орны толмас қасірет жылдары болып тарихтан орын алды. Біз бүгін сол кезде құрбан болған азаматтарды еске алып, рухына тағзым етіп, гүл қою рәсімінде бас қосып отырмыз. Бұл қазақ халқының тарихындағы аса ауыр кезең болды. Тіпті ұлт ретінде жойылып кету қаупі тұрды. Жалпы ашаршылық зардабы қазақ даласымен қоса Белоруссияда, Украинада,Ресейдің кейбір аймақтарында орын алды.Алайда ашаршылықтан ең ауыр жапа шеккен қазақ халқы болды.Мұндай аяси-әлеуметтік келеңсіздікке қарсы тұрған зиялы азаматтардың көпшілігі 1937-1938 жылдары қуғын- сүргінге ұшырады.Олар Алаштың нағыз арсытары»,- деді.

 Айта кетейік, Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы 1997 жылы 31 мамыр күні болып ресми бекітілген. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған. 1936-1938 жылдары Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Тізімдегі 631 атылған адамның 80%-ы қазақтың белгілі адамдары болған.

02.06.2015