2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.05.2020

Ауданда 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығына мерейтойлық медальдар табыстала басталды


Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің 2019 жылдың 13 маусымдағы жарлығымен «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысыныңЖеңісінің 75 жылдығына орай, соғыс ардагерлерінің ерлігі үшін үлкен құрмет көрсетіліп, Ұлы Отан соғысы майданында әскери операцияларға қатысқан ардагерлерге, тыл еңбеккерлері, Ленинградтық қоршауға болғандар, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына мерейтойлық медаль табысталсын.

 

Биылғы жылы Ұлы Жеңісті мерекелеу өткен жылдардан өзгеше, 2 мамырдан бастап Бостандық ауданының әкімдігі аудандық Қорғаныс істері Департаментімен бірлесіп Ресей Федерациясы Президентінің атынан аудандағы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» мерейтойлық медалін табыстауды бастады.

      

Еліміздегі орын алып отырған «COVID-19» байланысты мерейтойлық медальдар ардагерлердің шаңырақтарында табысталуда. Бірінші кезекте, медальдар 39 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне берілді, содан кейін, 14  Ленинград блокадасына, 5 фашизм тұтқынында болған және 2885 еңбек майданына қатысушыға табысталады.

             

            

02.05.2020