Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.05.2018

Ауған соғысы ардагерелерін құттықтады


Еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!

Осыған орай бүгін Бостандық ауданы №73 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Бостандық ауданы әкімі аппараты, «Нұр Отан» аудандық филиалы және аудандық әскери бөлім курсанттарының ұйымдастыруымен аудан соғысына қатысқан ардагерлер мен жауынгер-интернационалистерді құттықтады.

           

Жиналған қонақтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап жылы лебізін білдірген аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева «Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ерліктеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз»,- деп, сый сияпатын жасады.

           

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.

1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.


02.05.2018