Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.04.2018

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты «Под небом правды» деректі фильмін көрді


2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын нығайту үшін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне «Под небом правды» атты деректі фильм көрсетілді.

           

Алдын алу шаралары аясында фильмді аудан әкімі апппаратының мемлекеттік қызметкерлері көріп, өз ой- пікірлерімен бөлісті.

Фильм сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртуды қалыптастыруға бағытталған.

          

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ие азаматтар және жемқорлыққа күшті иммунитет болмаса, ашық түрде айыпталмаса нәтижеге жету мүмкін емес және әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың іс-әрекеті екенін түсінуі керек.

          

Бұл жұмыстың басты нәтижесі, сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас - әр азаматтың өзіндік позициясы болуы керек, ал адалдық пен пәксіздік мінез-құлық нормасы болып табылады.

02.04.2018