Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.03.2018

Президент Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті


«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының бастамасымен және партияның Саяси кеңес мүшелерінің қатысуымен Алматы Мемлекеттік қызмет көрсету және технологиялар колледжі ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, конституциялық реформа, қазақ тілін латын графикасына ауыстыру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

         

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Елбасымен 2018 жылы 18 ақпанада бекілітген жаңа латын графикасына негізделген қазақ алфавиті туралы кеңінен талқыланып, жас буын өкілдерінің ойлары тыңдалды.

Жиында латын алфавитін компьютерде пайдалану тәсілері көрсетіліп,  ұсынылды, сондай ақ латын графикасында мәтін жазу тәжірибесі машықталды.

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе латын графикасымен жазылатын қазақ алфавиті алдағы уақытта біртіндеп енгізіліп пайдалануға ыңғай болатыны туралы шешім шығарылды.

02.03.2018