Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.02.2018

Әуелетті қатысушыларға «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» туралы түсіндіру жиыны өтті.


 Бүгін Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Қыдыров Мади Дулатұлының төрағалығымен ауданның бизнес құрылымы өкілдеріне әлеуетті қатысушыларға «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарамасы» туралы түсіндіру кездесуі өтті.

         

Шараға  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Алматы қ ЖҚжӘББ,ЕДБ өкілдері мен ауданның бизнес құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Жиынды алғы сөзімен ашқан Мәди Дулатұлы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдаған Жолдауы  «Төртінші индустриалды төңкеріс жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Мемлекет басшысы жаңа заманауи технологияларды енгізумен өнеркәсіптік секторды дамытуға үлкен көңіл бөледі.Ұлттық жоспар 10 негізгі бағытты қамтиды. Олардың бірі өндірістік процестерді цифрландыру және заманауи бизнес-модельдерді дамыту арқылы еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру болып табылады,- деп атап өтті.

Бизнесті қолдауға және дамытуға арналған барлық мемлекеттік бағдарламалардың жалғыз мақсаты - өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және тұрақты жұмыс орындарын құру.

           

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2016-2017 жылдары бизнесті қолдауға және дамытуға қол жеткізу үшін Бостандық ауданына жалпы сомасы 19,6 млрд. теңгеге 84 жоба мақұлданды, оның ішінде субсидия көлемі 4,6 млрд. теңгені құрады. «Жібек Жолы» бағдарламасы бойынша 3,3 млрд. теңгеге 43 жоба мақұлданды.

Мемлекетпен «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Осы және басқада тақырыпты жиын қатысушылары кеңінен талқыланды.

Жиын барысында  Алматы аласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары - Иманкулова Диляра Бауыржанқызы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ бөлім юбасшысы- Карменова Зарина Болатханқызы және «Атамекен» ҰКП сарапшысы- Естаев Жанат Медулович баяндама жасады.

02.02.2018