Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.12.2017

Ауданында тегін мұз айдыны ашылды


1 желтоқсан Президент күнін мерекелеу және «Алматы қаласында жаппай сырғанау» жобасын жүзеге асыру аясында бүгін аудан және қала тұрғынадарына арналып ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдындағы алаңда жалпы аумағы 840 кв.м  болатын тегін мұз айдыны ашылды.

           

Алаңның алышу салтанатына шаһар басшысы Бауыржан Байбек, Бостандық ауданы әкімі  Б. Торғаев және жергілікті әкімшілік өкілдері қатысты. 

Алматы қаласында жаппай сырғанау» жобасы мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылуда. Мердігер -"Аксай айс арена" ЖШС.

           

 Қала бойынша ашылатын мұндай мұз айдындар ай сайын шамамен 8 мың адамға қызмет көрсететін болады, ал арнайы инструкторлар кез келген адамды конькиге тұруға тегін үйрететін болады.

           

Дәл осындай мұз айдыны аудандағы "Вилла ле Фиори" кешені аумағында салынуда, оның ашылуы 15 желтоқсанда жоспарланып отыр.

           

Мұз айдыны екі техникалық үзіліспен тәулігіне  24 сағат жұмыс жасайтын болады. Онда сағат 10:00-ден 23.00 дейін тамақтану, конькиді жалға беру аумағы қарастырылған.

01.12.2017