Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.11.2018

«Қарттар күні» айлығы салтанатты түрде жабылды


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі қазан бойы өткен «Қарттар күні» айлығын "Ақ сарай" мейрамханасында 70 аса қарт кісілерге жайылған ақ дастарханмен салтанатты түрде жапты.

           

Ауданға жаңа қосылған елді мекеннің 70 аса қарт тұрғындары Бостандық ауданы әкімі атынан жайылған ақ дастарханға бір отбасындай кешікпей жиналды. Қонақтарды мейрамхана алдында аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева және аудандық ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Хамид Біржанов күтіп алды.

           

Мереке барысында Маржан Ертайқызы қонақтарды тағы да "Қарттар күні" мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысы, қала және жергілікті атқарушы органның аға буын өкілдеріне көңіл бөліп, көрсетіп жатқан қамқорлықтары мен ізгі бастамаларын атап өтті.

           

Шара барысында Жүргенов атындағы өнер колледжінің студенттерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жалғастырып, соңынан қонақтарға азық түлік борбаларын таратты.

           

01.11.2018