Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.10.2019

Бүгін «Қарттар күні» айлығы басталды


Жыл сайын 1 қазан күні бүкіл әлемде және біздің республикада Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн 1991 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында жарияланды.

Биылғы жылы да егде жастағы адамдар назардан тыс қалмауына арналып түрлі іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

1 қазаннан бастап Алматы қаласының Бостандық ауданында түрлі фестивальдер, конференциялар, ашық есік күні, жиналыстар, кездесулер мен қарттарды құрметтеу шаралары өтті. Қазан айы бойы қоғамдық ұйымдар, мектептер мен жеке кәсіпкерлер түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып өткізеді.

Бүгінгі таңда ер адамдар 60 жастан 75 жасқа дейін қарт болып саналса, әйел азаматтар 55 жастан сол санатқа жатады. Бостандық ауданында 56 мыңнан астам қарт адамдар бар және олардың саны жыл сайын тұрақты өсіп келеді.


01.10.2019