Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.10.2018

Аудан тұрғындарының арыздары бойынша көшпелі жиын өтті


28 қыркүйек күні Бостандық ауданы құқық қорғау басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Қалалық және Бостандық аудандық филиалы және аудандық әкімшілік қызметкерлері Бостандық ауданы тұрғындарының арызы бойынша  көшпелі  жиын өткізді.

           

Кездесуге Алматы қаласы Ішкі істер Басқармасының қызметкері Жанбаев Болат Акынұлы, Бостандық ауданының ІІБ қызметкері- Хамзаев Дархан, полиция учаскелік инспекторы-Оспанов Ернұр, аудан әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жақсыбаев Жанат Ербакранұлы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының кеңесшісі - Мөлдір Қиябайқызы, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі- Байғали Әбдәліұлы, - №22 округтің жергілікті өзін-өзі басқару комитеті төрағасы- Қалидов Мейрам қатысты.

           

Кездесу барысында аулаға автотұраққа қарсы кедергіні орнату және автокөліктерге кіруге тыйым салу туралы мәселе бойынша Алматы ІІД мен Бостандық АІІБ-не қызметкерлерімен нақты жауаптар берілді. Аудандық әкімшіліктің ТКШ бөлімінің бас маманы қауіпсіздік қызметтеріне тосқауыл қою туралы ұсыныстар берді. Ал Автокөліктерге аулаға біруге тыйым салу белгісін орнату туралы сұрақ бойынша Алматы қалалық ІІБ-нің басшылығына хат жолданады.

Жиында тұрғындардың арыздары бойынша заң шеңберінде толық жауаптар берілді.



01.10.2018