Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.10.2018

Ауданның көпбалалы аналары марапатталды


Бүгін Бостандық ауданы әкімдігінде Отбасы күні мен қарт адамдар айлығының аясында ауданның көпбалалы аналарын құтметтеп «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін тақты.

           

 Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің жетекшісі Дылдыбаева Дина Болатбекқызы бақытты аналарды құттықтап, әр отбасына бақыт, денсаулық мен шаттық тіледі.

           

7 бала тәрбиелеген Уралбекова Мөлдір Мейрамбайқызы «Алтын алқа», алты бала тәрбиелеп өсірген Галисханов Зарина Мусеевна мен Нигмеджанова Шынар Абенқызы «Күміс алқа» иесі атанды.

Енді көпбалалы аналар мемлекет тарапынан қаржылай көмекке үміттене алады, ай сайынғы жәрдемақы 13 575 теңге (6,4 АЕК) құрайды.

01.10.2018