Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.09.2018

Бүгін қала мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау соғылды


Бүгін, 1 қыркүйек күні Алматы қаласының жалпы білім беретін мекемелерінде жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты жиын болып, алғашқы қоңырау соғылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша салтанатты жиынға оқушылар, мектеп ұстаздары мен мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 сынып оқушылары және ата-аналары жиналды.

          

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары БалбаеваМаржан Ертайқызы және аудандық білім беру бөлімінің жетекшісі Жұманов Қайрат Ізбасарұлы   О.Жандосов атындағы № 105 гимназияның құрметті қонағы болды.

Салтанатты жиынға жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары оқушыларға оқу озаты болып, болашақта Отанға адал қызмет ететін дұрыс таңдау жасап, университетке түсілерін тіледі. Жәнде де қазіргігі таңда елімізде білім алуға барлық жағдайдың жасалғанын атап өтті.

Арыда жаңа оқу жылымен аудандық білім бөлімінің басшысы Жұманов Қ және мектеп директоры құттықтады.

Биылғы жылы аудан мектептерінде 3615 бала бірінші сыныпқа қабылданды.

Қазіргі таңда Бостандық ауданында 34 жалпы білім беретін мемлекеттік мекеме қызмет жасайды, онда 3750  аса оқушы білім алады.


01.09.2018