2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.08.2020

Құрбан айт жаңа форматта өтті


Биылғы жылғы құрбан айт өзгеше өтті. Ағымдағы жылы елімізде коронвирустық инфекцияның таралуымен байланысты және азаматтарымыздың денсаулықтарын қорғау мақсатында Құрбан айт намазы мешіттерімізде оқылмады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен құрбан шалу онлайн түрде өткізілуде.

Құрбан шалуды ниет еткен азаматтар qurban2020.kz сайты арқылы онлайн түрде тапсырыс берді.

Алматы қаласы орталық мешітіне 7 ірі қараны, 274 қойды, 145 тоқтыны, 33 ешкіні құрбандыққа шалуға өтінім келіп түсті. 


Шалынған құрбандық еті волонтерларды тарта отырып, көп балалы отбасыларға, әлеуметтік тұрғыдан осал, көмекке мұқтаж жандарға, жалпы саны 1000-нан астам отбасыға таратылды.

01.08.2020