Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.08.2018

«Үздің алғашқы партия ұйымы» анықталды


«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалында саяси кеңес мүшелерінің қатысуымен бастауыш партия ұйымдары арасында «Үздік бастауыш партия ұйымы» атты байқау өтті.

           

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет пен қоғам алдына дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын қойып отыр. Осынау айрықша межеге абыроймен жетуіміз ең алдымен партиялықтардың ерекше үлгі көрсетіп, халықтың санасына оң әсер ете алуымен тікелей байланысты. Партия Лидері өз сөзінде: «Барлық нұротандықтардың басты міндеті – халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істе дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғырту үдерістерінің басында болу» деп айрықша атаған болатын.

           

Шараның басты мақсаты – үздік БПҰ анықтау және олардың жұмыс тәжірибесін өзге партия ұйымдарына тарату, партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді БПҰ төрағаларынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру және қоғамдық қабылдаулар жұмысын жетілдіру мен партия қызметіне қоғамдастықтың назарын аудару.

Шараға аудандағы бірқатар   алғашқы партия ұйымдары қатысып, олардың жұмысы кеңінен талқыға салынды.

           

Байқау барысында сайысқа қатысушылардың партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкіпартиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс, БПҰ жетекшісін бағалау сияқты критериялар қаралды.

Шара соңында байқау жеңімпаздарының жүрекжарды сөздері тыңдалып, қалалық филиалға жолдама берілді.   

01.08.2018