Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2019

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні


Жаздың алғашқы күнінде Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бүгін Алматыда балалар  үшін көптеген жаппай, ойын-сауық, спорттық және мәдени шаралар өткізілуде.

          

Бостандық ауданында Балаларды қорғау күні түрлі көрмелер, интерактивті және спорттық ойындар, концерттер, цирк қойылымдары және басқа да мерекелік шаралармен атап өтілді.

          

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты аудан балалары мен кішкене қонақтарды ғажайыптар әлемі «Айя» ойын-сауық саябағында мерекелік іс-шараға шақырды. Онда балаларды тегін балмұздақ, түрлі сусындар мен мерекелік көңіл күй күтіп тұрды.

           

Сондай ақ Алматы циркінде қайырымдылық цирк шоуы өтті. Бағдарламаға Қазақцирктің өнер тарландары, Жүсіпбек Елебек атындағы Республикалық спорттық колледжінің цирк бөлімінің студенттері қатысты. Цирк алаңында ауа гимнасттары, акробаттар, клоундар, жонглерлер шығып өнер көрсетті.

Сонымен қатар AtakentMoll сауда орталығында Кинопарк 5 жаңа кинотеатр ашылуы өтіп,  балаларға арналған  тегін фильмдер көрсетілді.

01.06.2019