Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2018

Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық цирк


1 Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Бостандық ауданында көптеген бағдарламалар ұйымдастырылып өткізілуде. Соның бірі  Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Қазақ Мемлекеттік циркінде өткен қайырымдылық циркі болды.

           

Цирк бағдарламасын тамашалауға ауданның 360 көпбалалы, жетім, мүмкіндіктері шектеулі отбасы және тұрмысы төмен отбасы балалары қатысты.

           

Цирк аренасында Қазцирк әртістері және Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадо-цирк колледжін бітіруші студенттері: әуе гимнастар, акробаттар, эквилибристер, сайқымазақ, жонглер,  жаттықтырылған иттер   өнер көрсетті.

           

Айта кету керек, Бостандық ауданы әкімдігімен балалардың жазғы демалыстарын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Биылғы жылы аудан балалары үшін қаламызда көптеген лагерлер жұмыс жасайды. Сондай- ақ жаз мезгілінде түрлі спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс жасайтын болады.

01.06.2018