2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2015

Бүлдіршіндер күлкісіне толы күн


Бүгін бүкіл әлем 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтуде. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған.

 Алматы қаласы Бостандық ауданы бүлдіршіндері үшін бұл мереке «Ғажайыптар әлемі» балалар саябағында өтті. Салатанатты мерекені Бостандық аудан әкімінің орынбасары Саят Болатұлы Ағыбаев «Балалы шақ –бұл өміріміздегі ең қымбат та керемет шақ және осы шақты біз бақытты етуіміз керек! Сондықтан да бүгінгі күн балалардың есінде қаларлықтай әсер да қуанышты болып өтуі біздің міндетіміз »-деп құттықтау сөзімен ашты. 

Аудан бойынша 400 бала қамтылған мереке өте қызықты да шаттыққа толы болды. Тәң сәріден жиналған бүлдіршіндер көңілін салқын ауа райы да бұзбады Көңілді концерттік бағдарламасын балалар шығармашылық студиясының жас әртістері өз өнерлерін көрсетумен ашылды. 

Бұл күні жас бүлдіршіндерге арналған батуттар жұмыс жасап, барлық балалар балмұздақтар мен тәтті сусындармен рахаттана тойды. Мерекеден ешкім сыйлықсыз қайтпады. Түрлі сайыстар, билер, эстафеталар бұлардың барлығы балалар үшін Бостандық ауданы әкімдігімен ұйымдастырылған азғана құрмет. Бұл күні барлық балаларға карусельдермен ойнау мен балмұздақ, сусындар тегін таратылды. Мерекеге жиналған қонақтардың барлығы сыйлықсыз қайтпады. 

Сонымен қатар ауданның басқа аймақтарында орталық циркте ауданның әлеуметтік жағдайы қамтылмаған отбасы балаларына қайырымдылық акциялары өтті.

01.06.2015