Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.05.2018

Бірлік пен достық ұштасқан күн


Ырыс пен ынтымағы жарасып, көгінде бейбітшілік құсы қалықтаған Қазақ елі бүгін 1 мамыр күні Бірлік күнін сән-салтанатымен атап өтуде. 
Оның ішінде Алматы қаласы Бостандық ауданы тұрғындары мен қонақтарына арналған Мерекелік серуен "Мега Алматы" сауда сауықтыру орталығының басты сахнасы амфитеатр төрінде өтті.

           

Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары үшін қазақ эстрадасының жұлдыздары мен мегаполистің этномәдени бірлестіктері ұжымдарының қатысуымен мазмұнды музыкалық бағдарлама ұсынылды.

           

 Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың саясатының арқасында елімізде 130 -дан  аса ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату - тәтті бірлік пен тынышта  өмір сүруде. Қазіргі уақытта біз қазақстанда тұратын түрлі ұлт  өкілдерінің алуан және бай мәдениеті мен дәстүрлерінің куәсі болып  жүрміз. Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек,  түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол - біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз. Ол - біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуге тиіс. Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сонда тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болмақ. 

           

Шара жаппай серуен және әр этно-мәдени білестіктерімен тұрғызылған шатыр астында этно-көрмемен жалғасын тапты.

01.05.2018