Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.04.2017

«Үздік Кәсіподақ ұйымы- 2017»


 Алматы қаласы Бостандық аудандық Білім бөлімі «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподақ ұйымымен бірлесіп №22 мектеп-гимназиясы қабырғасында «Үздік Кәсіподақ ұйымы- 2017» және «Үздік кәсіподақ Көшбпсшысы» сайысын ұйымдастырып өткізді.

          

Конкурстың ақтық сынына аудандағы кәсіподақ ұйымдарының ішінен 14 көшбасшы кәсіподақ ұйымдары қатысты.

Шараның мақсаты: білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын және кәсіби мүдделерін қорғау, кәсіподақ ұйымдардың оң тәжірибесін зерделеу және тарату; кәсіби өсуін ынталандыру; кәсіподақтар, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін жұмыс істейтін адамдар туралы қоғамдық пікір қалыптастыру; кәсіподақ көшбасшыларының сенімін нығайту.

          

Сайысты Бостандық ауданы Білім бөлімі басшысы Ізбасаров Қайрат Жұманұлы алғы сөзімен ашып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

«Конкурсқа қатысу  арқылы  кәсіподақ  ұйымы қызметінің дамуына үлес қосады  және оң тәжірибе жиналады. Кәсіподақ Көшбасшысы жан жақты болған сайын оның жұмысы анағұрлым тиімді болмады, ал атқарылған жұмыс неғұрлым тиімді болған сайын, оның қоғам арасындағы беделі  де өзектілігі де арта түседі»,-деп сөзін аяқтады.

          

Ауданық конкурстың Құрметті қонағы «Ұстаз» АҚЖКҰ төрағасы Назарбетов Қожахмет Тайболатұлы болды.

          

 «Менің кәсіподағым- менің сенімім» атты сайыстың бірінші кезеңінде конкурсанттар өз жетістіктерімен, табыстарымен және проблемалар тәжірибемен алмасып, қазіргі кездегі білім беру саласындағы туындаған жағдайға баға беріп, өз көзқарастарымен бөлісті. Кәміподақ деген не?, Ол не үшін қажет?, Кәсіподақтың мүмкіндігі қандай?,Туынғаған проблемаларды шешуде оның атқаратын ролі қандай? -деген  көптеген сұрақтарға кәсіподақ пен сайыскерлердің еңбегіне  мінеземе және баға  беретін жан-жақты жауаптар берілді.

Сайыс өте тартысты да қызықты өтті.

             

Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:

«Үздік Кәсіподақ ұйымы 2017» сайысы бойынша

Гран-При № 138 Гимназия алғашты кәсіподақ ұйымы

1 орын - № 125 Балабақша алғашқы кәсіподақ ұйымы

2 орын - №140 Гимназия алғашқы кәсіподақ ұйымы

3 орын - № 75 Балабақша алғашқы кәсіподақ ұйымы

     «Үздік кәсіподақ Көшбасшысы-2017» сайысы бойынша:

Гран-При - Бапова Гулзада Турсуновна № 105 гимназияның кәсіподақ ұйымы төрағасы

1 орын -  Шойынбасова Назгул Амантаевна, № 21 лицей кәсіподақ ұйымы төрағасы

2 орын - Сайлыбаева Бибигуль Майлыбайқызы  № 145 КҰ төрағасы;

3 орын - Аленов Мадияр Аленұлы №2 мектеп-интернат КҰ төрағасы;

3орын- Сапаева Айгерим Бакытжанқызы №108 балабақша  КҰ төрағасы.

                Келесі номинация бойынша дипломант атанғандар:

«Кәсіподақ  сарапшысы» Китапова Мадина Менгелиевна №79 балабақша КҰ төрағасы;

«Білімді Кәсіподақ ұйымы» Кожаева Айман Сабитханқызы, №99 балабақша КҰ төрағасы;

«Креативті Көшбасшы» Есжанова Сауле Аманкелдіқызы,   №165 ТЛ КҰ төрағасы;

«Үздік Портфолио» Свыткулова Гаухар Талабайқызы №91 балабақша КҰ төрағасы;

«Жас кәсіподақ көшбасшысы» Джуманазарова Зире Абубакирқызы,  № 85 балабақша КҰ төрағасы.

Барлық жеңімпаздар Құрмет грамотасы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

01.04.2017