Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.03.2018

«Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалы партияның 19 жылдығы мен Алғыс күнін атап өтті


Бүгін, 2018 жылдың 1 наурызында «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалында «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 19 жыл толуына, «Алғыс айту күніне» 3 жыл толуына және партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдауға орайластырылған мерекелік шара өтті.

           

Бүгін - Қазақстанда Алғыс айту күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

               

Іс-шараға «Нұр Отан» ХДП Бостандық ауданы филиалының төрағасы, Бостандық ауданының әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы қатысып, партия қатарына өткен жаңа мүшелеріне партбилеттер табыстады.

Партия қатарына ауданның білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, бизнес салаларындағы үздіктер толықтырды. Олардың қатарында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының көрмелер қызметі директорының орынбасары - Аклибекова Анжелика Русланқызы,   «Әл-Фараби атындағы ҚазМУ қаржы кафедрасы мұғалімі- Увакбаева Гаухар Бодесовна, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының баспасөз қызметінің жетекшісі - Исабаева Клара Камиловна, «Казгидромет» МКМ директорының орынбасары - Жетписбаев Сабит Муканұлы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы директорының орынбасары Нұржан Сатыбалдыұлы болды.

 

01.03.2018