Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.03.2018

Бостандықтар Алғыс айту күнін атап өтті


Бүгін - Қазақстанда Алғыс айту күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

           

Бұл мереке Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл үшінші рет атап өтіледі. Сондай-ақ, бүгін – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.

           

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

           

Алғыс айту күніне орай Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінде мерекелік шара ұйымдастырып өткізді.

           

Ауданда тұратын түрлі этнос өкілдері бас қосқан мерекелік шараға жиналған жұртшылықты аудан әкімі аппаратының басшысы Алиярова Батима Жақсылықызы құттықтап, «Жуанның жіңішкеретін, жіңішкенің үзілетін шағынан аман-есен өткен елдің қуанышты сәтіне Алғыс айту мерекесін тұстастыру Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарапынан атқарылған игі іс. Бүгінгі күн біз үшін жыл бойы атқарған еңбектерімізбен және жасаған жақсылықтарымызбен маңызды. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет-ризашылығын білдіретін күн. Қазақстан халықтар Ассамблеясының аясында біз енді бұл мерекені жыл сайын өзге ұлт өкілдерімен бауырластық сезіммен тойлайтын боламыз. Бұл күнде егемен елдің жұрты жер-анаға, Қазақстан халқына, ұлт көсемі – Елбасына алғысын білдіреді.
Бұл күн ұлтаралық татулығымызды нығайтып, бірлік-берекемізді арттырып, ынтымақтастығымызды еселей түсетін мереке болатынына сенемін»,-деді.

           

Мерекелік шара аудандық балалар шығармашылық ұжымымен дайындаған   концерттік бағдарламамен жалғасты.

           

01.03.2018