Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.02.2018

Ауданда «Асқақтай бер, Астана» атты безендірілген кітап көрмесі ашылды.



Бостандық ауданы базасында  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхананың «Қазақстан кітаптары» оқу залында Астана қаласының 20 жылдығына арналған«Асқақтай бер, Астана»  атты  безендірілген  кітап көрмесі ашылды.

2017 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы − Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуде  «Ел жүрегі –Астана» тұжырымдамасын бекітті.

Мерекелеудің басты мақсаты ̶ қаланы тәуелсіздіктің басты символы және Қазақстанның қарқынды даму факторы ретінде әрі қарай белсенді түрде дамыту болып табылады.
Астана күні мерекесі аясында еліміздің кітапханалары мен мұражайларында Астананың 

әлемдегі басты рөлін ашатын тақырыптық дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар, симпозиумдар және семинарлар, республикалық және халықаралық, әдеби-көпшілік іс-шаралар, концерттер, фестивальдар, көрмелер, мәдениет және өнер салаларының жұлдыздарымен кездесулер, еліміздің әртүрлі жас деңгейіндегі тұрғындарының қатысуымен спорт жарыстары мен сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.  Сондай-ақ тақырыптық экспозициялар мен жастардың флешмобтарына қолдау жасалады.
  

Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан астанасының тарихы, Алматыдан сол кездегі Ақмолаға көшіру туралы, жас астананың дамуы мен хронологиялық құрылымы дәйектілігін көрсететін материалдар қойылған.

Барлықтарыңызды кітап көрмесіне шақырамыз!


01.02.2018