Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Заңдастыру туралы ЗАҢДАСТЫРУ ТУРАЛЫ



Құрметті аудан тұрғындары!


Құрметті аудан тұрғындары!

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады.

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталды және 2015 жылдың 13 қарашасында аталған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылған болатын.

Мүлiктi жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасына дейін жүргізіледі.

 Өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болады.

Жария етілген мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді.

 Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша Бостандық ауданының комиссиясына 2014 жылдың 03 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 03 қыркүйегі аралығында 5545 адам жүгінді. Оның ішінде, 3995 адам кеңес алып, 1550 құжат комиссия қарауына қабылданды. Қабылданған құжаттардың ішінде:

-         1072 құжат қанағаттандырылды,

-          156 құжат комиссиямен қанағатсыз қалдырылды,

-          271 құжат Заңға сәйкес себепті белгілермен өтініш иелеріне қайтарылып берілді.

 Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді жүзеге асыру бойынша құжаттарды Алматы қаласы, Бостандық аудандық Әкімі аппараты ғимаратында орналасқан, арнайы мүлікті жария ету кабинетінде, комиссия хатшысы қабылдайды. Мекен-жайымыз: Айманов көшесі, 191 ғимарат.

        

Комиссия хатшысының байланыс телефоны: 274-57-80.