Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Заңдастыру туралы ЗАҢДАСТЫРУ ТУРАЛЫ



Қазақстанда мүлікті жария ету тәртібі туралы


Жұртқа мәлім болғандай «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылдың 1 қыркүйегінде  № 213-V ҚР Заңы қолданысқа енді.

Осылайша, мемлекет «Жария ету  2014» бағдарламасының форматында барлық тілек білдіргендердің өзінің мүлкін, соның ішінде бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны да  заңды жүзінде жария етуді көмектесуге шақыратын бір жолғы науқанын өткізеді.

 Жария етуге, сондай-ақ, құқығы сот тәртібінде немесе заңды түрде дауланып жатқан  мүлік жария етуге жатпайды. Оған, сондай-ақ, несие ретінде алынған ақша, мемлекеттің пайдасына тапсыруға тиіс мүлік, құрылысының аяқталуы  бюджеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй – жайлар жатады.   

2014 жылдың 1 қыркүйегінде өз мүлкін ақшадан басқа,  жария етуді  қалаған барлық тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс мүлік бойынша тиісті құжаттарды беру үшін азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша салық органдарына бару керек. Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке қатысты, барлық жергілікті әкімдіктерде арнайы құрылған комиссиялар қарастырылған.

Көрсетілген инстанцияларға жүгінген кезде азаматтар мүлікті жария етуді өткізуге тиісті үлгідегі арызды екі данада, түпнұсқасын ұсынып жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері ұсыну қажет, сонымен қатар объектінің техникалық паспорты,  ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын талап етіледі.  

Өз кезегінде ақшаны жария ету үшін келесі шарттарды орындау керек:

Біріншіден –ұлттық немесе шетел валютасында жария етуге тиіс сома жария ету мерзімінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторында арнайы ашылған жинақ шотына салынады;

Екіншіден -  сол ақша, салған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай шотта жатуға тиіс.

 Жария етілген ақшалай қаражатты аударған соң, ақша сомасының мөлшерін растайтын белгіленген нысан бойынша анықтама беріледі.

Бұл ретте, азаматтар жария етудің қолдану мерзімі аяқталғанға дейін ұлттық активтерді, құнды қағаздарды, облигацияларды сатып алып оларды Қазақстанның экономикасына инвестициялап аталған шоттарға аударылған ақшаға билік етуге құқылы.

Егер де, ақшалай қаражат қылмысты жасау нәтижесінде алынғаны анықталған болса ақшалай қаражатты жария ету заңсыз деп танылу фактісіне назар аудару керек.

Көрсетілген заңның күшіне енгенінен бастап өзінің мүлкі мен ақшасын жария етуді қалаған барлық адамдар олардың сақталуына және табыс салығын салуды ықтимал деп  алаңдамауларына болады.  Олар табыс ретінде көзделмейтіні, ал ақша өз кезегінде депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалғаны Заңмен әлде қайда қарастырылған.  

Сонымен қатар, адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық тәртіпте қудалау үшін мемлекеттік және лауазымдық органдарынан алынған ақпаратқа қатысты маңызды кепіл Заңмен көзделгеніне назар аудару керек.

Бұдан бұрын айтылғандай, «Жария ету 2014» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.