Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Заңдастыру туралы ЗАҢДАСТЫРУ ТУРАЛЫ



Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша Бостандық ауданының комиссиясы


Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша Бостандық ауданының комиссиясы жұмыс жасайды.

    Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады.

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылдың 13 қарашасында аталған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды.

Мүлiктi жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасына дейін жүргізіледі.

Өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болады.

Жария етілген мүлікті рәсімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді жүзеге асыру бойынша құжаттарды Алматы қаласы, Бостандық аудандық Әкімі аппараты ғимаратында орналасқан, арнайы мүлікті жария ету кабинетінде, комиссия хатшысы қабылдайды. Мекен-жайымыз: Айманов көшесі, 191 ғимарат.

     Комиссия хатшысының байланыс телефоны: 274-57-80.