Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Заңдастыру туралы ЗАҢДАСТЫРУ ТУРАЛЫ



Мүлікті жария ету туралы ақпарат


 «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңын жүзеге асыру мен орындау негізінде, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу комиссиясы тұрақты түрде мүлікті жария ету бойынша жұмыс жүргізуде.

  Жоғарыда аталған Заң күшіне 2014 жылдың 1 қыркүйегінде енген болатын. Сонымен бірге, мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін комиссия қарауына құжаттарды беру 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады.
  Заңның мазмұны негізінен мемлекет тарапынан азаматтарға мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі бір жолғы акция болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында ыхтияр хаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.  Мүлікті жария ету дегеніміз табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды тану рәсімі болып табылады. Сонымен қатар, жария етілген капитал түрінде экономикаға қосымша қаражатты тарту арқылы серпін беру. Бұл науқан бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.   
  Бүгінгі таңда, аудандық комиссияға  2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап 1520 адам жүгінді. Оның ішінде 437 құжат комиссия қарауына қабылданды.

Қабылданған құжаттардың 250 қанағаттандырылды. 58 құжат комиссиямен қанағатсыз қалдырылды. 83 құжат Заңға сәйкес себепті белгілермен өтініш иелеріне қайтарылып берілді. Қалған 46 құжат комиссияның келесі отырысында қаралуға қалдырылды.

 Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына ұсынамыз! Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу комиссиясының қарауына құжаттарды көрсетілген мекен-жай бойынша өткізуге болады: Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Айманов көшесі, 191 үй), жұмыс уақытысы: дүйсенбіден - жұма күндері сағат 9.00 - 18.00–ге дейін, сенбі күні сағат 9.00- 13.00-ге дейін.