Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Заңдастыру туралы ЗАҢДАСТЫРУ ТУРАЛЫ



2016 ж 1 маусымына Бостандық ауданы бойынша Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу туралы ақпарат


 Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша Бостандық ауданының комиссиясына 2014 жылдың 03 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 мамыр аралығында 4795 адам жүгінді. Оның ішінде, 3486 адам кеңес алып, 1309 құжат комиссия қарауына қабылданды.

Қабылданған құжаттардың 898 қанағаттандырылды. 148 құжат комиссиямен қанағатсыз қалдырылды. 237 құжат Заңға сәйкес себепті белгілермен өтініш иелеріне қайтарылып берілді.