Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Заңдастыру туралы ЗАҢДАСТЫРУ ТУРАЛЫ



Мүлікті жариялау туралы не білу қажет



Мүлікті жариялау туралы не білу қажет?

Мүлікті жариялау процедурасы дегеніміз, меншік иесі болып табылатын жеке тұлғаның кезінде табысты жасыру мақсатында еліміздегі заң талаптарына сәйкес мүлікті өз аттарына рәсімдемей басқа жеке тұлғаларға жалған тіркеп, экономикалық айналыстан шығарылған мүліктерін мемлекеттік хұзырлы органдардың ресми тануы.

Мүлікті жариялаудың субъектілеріне кімдер жатады?

Мүлікті жариялау субъектілеріне – Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және мемлекетімізде тұрақты тұруға ресми рұхсаты бар жеке тұлғалар жатады.

Мүліктің қандай түрлері жариялауға жатады?

Жариялауға келесі мүліктің түрлері жатады:

1.     Ақша;

2.     Құнды қағаздар;

3.     Заңды тұлғаның жарғылық қорындағы үлес;

4.     Басқа тұлғаға рәсімделген жылжымайтын мүлік (Заңда көрсетілген объектілерден басқа);

5.     Жариялылық жасаушы субъектілердің меншігіндегі Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан ғимараттар және көрсетілген мақсатта пайдаланылатын жер телімдері;

6.     Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан жылжымайтын мүліктер.

Мүлікті жариялау қандай уақыт аралығында жүргізіледі?

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мүлікті жариялау процедурасы 2014 жылдың 1-ші қыркүйегінен 2015 жылдың 31-ші желтоқсанын қоса алған уақытта жүргізіледі. Мүлікті (ақшадан басқа)жариялау процедурасына қатысты құжаттарды тиісті өкілетті органдар 2014 жылдың 1-ші қыркүйегінен 2015 жылдың 30-шы қарашысын қоса алған уақыттарда қабылдайды.

Ақшаны жариялау тәртібі қандай?

Ақшаны жариялау үшін жоғарыда көрсетілген уақыт ішінде жеке тұлға Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кез келген банкте жинақтаушы шот ашып, осы шотқа жариялануға тиісті ақшаны қолма-қол немесе шот арқылы аударуына болады. Жариялануға жататын ақша ұлттық немесе шетел валютасында болуы мүмкін және бұл ақшаны салынған күннен бастап 60 күнтізбелік ай уақыт бойы жинақтаушы шоттан алуға немесе аударуға болмайтынын ұмытпаған жөн.