Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



13.03.2017ж. Уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурс жариялайды


Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-3 санаты үшін: Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім,жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 104 бұйрығының негізінде өткізіледі.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-3

102 436

138 248

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050057, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 191, анықтама үшін телефондар: 275-42-22,e-mail: bost.org@mail.ru, уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына)

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, аппарттың басқа бөлімдерімен және аудандық қызмет орындарымен жедел өзара әрекеттесу. Аудан әкімінің тұрғындарымен есеп беру кездесуін ұйымдастырып, өткізу. Алматы қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы жинақтау ақпараттарын даярлау. Аудан әкімінің аппарат мәжілісін ұйымдастырып өткізу, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы барысы туралы ақпаратты жинақтау. Әкімнің, әкім орынбасарларының және аппараттың қызметінде құжаттамлық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратына «Қызметтік Пайдалану Үшін» белгісімен келіп түскен құжаттарды қарастыру бойынша істі жүргізу және ұйымдастыру. Бөлімге келіп түсетін хаттарды қарау, олардың әрі қарай қозғалысын және бақылау тәртібін айқындап, есебін жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сонымен қатар  қызметтік хат-хабарды белгіленген қарау тәртібі мен орындалу мерзіміне қатаң бақылауды ұйымдастыру. Аппарат және қызмет орындары қызметкерлеріне іс жүргізуде әдістемелік көмек көрсету. Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын өткізу. АИС бағдарламасындағы  «Ауданның төлқұжаты» өз уақытында толтырылуын бақылау. Ведомстволық мұрағатты жүргізу, ондағы құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және құжаттарды беруді жүзеге асыру. Құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Білім немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар немесе тарих) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары білімі барларға рұқсат етіледі. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кещіктірмей береді.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Айманов көшесі №191, кіші мәжіліс залында) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етукүнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.