Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



13.03.2017ж. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды


Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 Е-4 санаты үшін: жоғары,мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 104 бұйрығының негізінде өткізіледі.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-4

77 452

104 935

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050057, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 191, анықтама үшін телефондар: 275-42-22,                  e-mail: bost.org@mail.ru,бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің тұғындармен кездесуін ұйымдастыру және өткізу. Қызметтік, заңды тұлғалардың және құпия хат-хабарларды қарастыру бойынша іс- жүргізу және ұйымдастыру, құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу, құпия құжаттармен жұмыс жасауда құпиялылық тәртібін қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және барлық орындаушылардың бұл талаптарды орындауын қадағалау. Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша орындалу мерзіміне қадағалауды жүзеге асыру, АИС ЕУОЛ бағдарламасында жұмыс істеу, ҚР Бас прокуратурасына статистикалық есепті құрастыру және ұсыну, Алматы қаласы әкімі аппаратына құжат айналымы бойынша есепті ұсыну. Кіріс хаттарға жүйелі талдау және жетілдіру жұмыстарын жүргізу. «Lotus notes» бағдарламасында «Жеке тұлғалар», «Қызметтік хат-хабарлар», «Бастамашылық» базасында жұмыс жасау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар немесе тарих) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары, білім немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар немесе тарих) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кещіктірмей береді.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Айманов көшесі №191, кіші мәжіліс залында) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етукүнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.