Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



03.05.2019 «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды


Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар                                                                        

Е-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

168 875

220 271

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4,№253 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:Мемлекеттік–құқықтық мәселелері бойынша аудан әкімін Мәслихат аппаратымен, қала Әкімімен, қалалық атқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бөлімшелерімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілеріне, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар дайындайды. Құқықтық білім беру жұмыстарын өткізуді ұйымдастырады. Аудан әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады, олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарының сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізеді. Құқықтық сипаттағы құжаттарды дұрыс ресімдеуге және әзірлеуге қатысады, аппарат қызметкерлеріне құжаттандыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді, құқықтық мәселелер және құқықтық жаппай оқыту бойынша кеңес береді. Тергеу және сот органдарына тапсыру үшін, құрылымдық бөлімшелер мен аудандық қызметтердің қатысуымен ұрлау, ысырап ету, жетіспеушілік және басқа да құқық бұзушылықтар жөніндегі құжаттарды дайындауға көмек көрсетеді. Сенімхатта көрсетілген құзыреті шегінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің алдын-ала және сот тергеулері барысында, сот отырыстарында аудан әкімінің атынан қатысады және аудан әкімінің мүддесін білдіреді. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін қолданыстағы заңнамалар және оларға еңгізілген толықтырулар мен өзгерістер жөнінде, аудан әкімі аппаратындағы лауазымды тұлғалардың қызметтеріне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстырады. Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша Алматы қаласының құқық қорғау органдарымен, арнайы және сот органдарымен, әділет органдарымен, сот әкімшілігімен өзара әрекеттеседі. Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықты алдын алу мен қылмыспен күрес жүргізу бойынша құқық қорғау органдарымен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының орындалуын Бостандық ауданы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен, сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқық қорғауды, қылмыспен күрес, құқық бұзушылықты алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қалалық және өңірлік бағдарламаларының заңдылығы мен құқықтық қорғалуы жөнінде жұмыстарын жинақтайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, Алматы қаласының орталық, өкілеттілік және атқарушы мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін көмек көрсетеді. Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының хатшысы болып табылады. Террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру тобының хатшысы болып табылады. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық ауданы бойынша Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хатшысы болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» №789 қаулысына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар, арыздар мен шағымдардың қарастырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді, өзінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша азаматтарды жеке қабылдайды. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілеріне, аудан әкімі актілеріне мониторинг жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар.Жоғары білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білімі барларға рұқсат етіледі: заң (халықаралық құқық және/немесе заң)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 4-қабат, 472 бөлме) тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.


Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

                                                              

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

      Мені______________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________                                  

 Мекен жайы   және байланыс телефоны___________________________________________________________________________________________________________________________

     

_____                                          ____________________________________

(қолы)                                          (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.

 

 


Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса "Б"

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ   ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата