Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Бостандық ауданы ардагерлері мен зейнеткерлерлері назарына !


Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде зейнеткерлерге әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі.

1. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:

1.Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

2. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге;

3.Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға көрсетіледі.

Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      1. жеке басын куәландыратын құжат;

      2. тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

    3.1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы және адамның (отбасы мүшелері) кірістері туралы мәліметтер.

2. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) мұктаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;

2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

3. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тіркелмеген жесірлеріне - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

4. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерi) - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

5. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

6. Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

7. Жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге - ең төмен күн көріс деңгейінің үш реттік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерін төлей отырып;

 Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1. жеке басын куәландыратын құжат;

2. тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3. санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін анықтама (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 070/у Форма);

4.1 тармақта көрсетілген Ұлы Отан соғысы қатысушысы немесе мүгедегі- Ұлы Отан соғысы қатысушысының немесе мүгедегінің куәлігі;

5. 2-6 тармақта көрсетілген зейнеткерлер- зейнетақы мөлшері туралы құжат;

6. 7 тармақта көрсетілген зейнеткерлер, 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы және адамның (отбасы мүшелері) кірістері туралы мәліметтерді ұсынады;

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2-үй, 120 бөлмеде кеңес алуға, құжат тапсыруға, телефон 3 92 22 95, 392 22 89 хабарласуға болады.