Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Бостандық ауданы тұрғындарының назарына !


Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі тағайындалады.

1.Aтаулы әлеуметтік көмек отбасы табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мүмкіндіктері шектеулі адамадардың немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі балалары бар жалғыз басты ана) көрсетілетін болады. Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндетті емес. Ағымдағы тоқсанға тағайындалады, ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы. 6 айға тағайындалады, ай сайын немесе бір рет төленеді.

2.V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2014 жылғы    2    маусымындағы № 232 шешімімен бекітілген «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесіне» сәйкес тұрғын үй көмегі бекітілген нормаға сәйкес коммуналдық төлемдер соммасы мен отбасы табысының 10 пайызының айырмасы ретінде тағайындалады.

 Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2-үй, 115,118 бөлмелерде кеңес алуға, телефон 3 92 22 95, 392 22 98, 392 24 13 хабарласуға болады.