Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Ауданда сыртқы жарықтандыру желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде


Ағымдағы 2019 жылы Бостандық ауданында ұзындығы 22,3 км болатын 53 көшеде «АЖК» АҚ сыртқы жарықтандыру желілерін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ, осы жылы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Бостандық ауданының жарықтандырылмаған көшелері мен аулаларында сыртқы жарықтандыру желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге кірісті. Жобаға 142 жарықтандырылмаған көше, жартылай жарықтандырылған 62 көше және 266 жарығы жоқ аулалар енгізілді.