Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



ХҚКО-нда интернет-портал арқылы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету аясында кызметалушылардың құжаттарын қабылдау рәсімі басталды.


   Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа: «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдамасын жузеге асыру мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) мамандарымен Алматы қаласы халыққа қызмет көрсету орталығында (бұдан әрі-ХҚКО) және ХҚКО-ның өкілдерімен мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды түрге толықтай көшіру негізінде, 2017 жылдың 24 мамырынан бастап интернет-портал арқылы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету аясында  кызметалушылардын арасында құжаттарды  қабылдау рәсімі басталды.

    Бұл мақсатта ХҚКО арнайы жұмыс орындары бөлініп ұйымдастырылған, ХҚКО мен Басқарма мамандарының өзара іс-кимылдары камтамасыз етілді, осы жұмыстарды аткару барысында эпидемиологиялық маңыздылығы  жоғары нысандарды пайдалануға беру үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуға өтініш берген барлық қызметалушыларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында интернет-портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету  стандарттары мен рәсімдері түсіндірілу жолға қойылды.