Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Сел тасқыны қаупі жайында тұрғындарға ақпарат


Алматы қаласының Төтенше Жағдайлар Департаменті көктем және күз мезгілінде сел тасқыны қаупінің жоғарылайтынын естеріңізге салады.

Қала аймағына қарасты Іле –Алатау бөктерімен қалаға шығатынҮлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай т.б. тау өзендері Алматы қаласына төніп тұрған сел тасқыны болып табылатын ең қауіпті төтенше жағдайлардың бірі.

Егер сіздің баспанаңыз сел қауп ітөніп тұрған аймақта орналасқан болса, сел тасқыны орын алған жағдайда алдын-ала көшу бағдарыңызды ойластырып қойғаныңыз жөн.

Үйіңізден шықпас бұрын электр шамдарын, газ, суқұбырын өшіріп, есік, терезе, барлық желдеткіштерді жабуды ұмытпаңыз.

Тауға аттана алдында жауыннан кейін шықпай, өз жүру бағдарыңызды анықтап алғаныңыз жөн. Есіңізде болсын, сел тасқынынан қашқан уақытта ғана аман қалуға болады.

Сел қаупі төнген уақытта ең бағалы заттарыңызбен ең жоғары аймақтарға көшуіңіз  керек.

Сел тасқынының шуын естіген сәттен, тұрған жеріңізден 50-100 метр биік аймаққа көшуіңіз қажет. Сонымен қатар, үлкен жылдамдықпен келе жатырған тасқынмен бірге өмірге қауіпті ауыр тастарда төмен қарай құлдилауы мүмкін.

Сел тасқыны кезінде және кейінде үрейге берілмеңізЖапа шеккендерге, балалармен қарттарға  . Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз.