Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Жер сұрақтары бойынша ақпарат


                         Жердің заңмен берілуі - жаппай басыпалуды тоқтату

 2016 жылдың 27 шілдесінде Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ж.Ж. Умиралиевтың төрағалығымен «Жердің заңмен берілуі - жаппай басыпалуды тоқтату» тақырыбында ведомствоаралық кеңес отырысы өткізілді. (арыда-Жоба)

   Аталған жоба Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен құрылған, мақсаты өз еркімен жерді басып алуға байланысты құқық бұзушылықты жою, сонымен қатар қайта орын алуына жол бермеу.

   Осыған орай, өз бетінше жерді басып алу фактілері туралы жедел ақпарат алу үшін қоғамды тартуға шешім қабылданды.

                                        Құрметті аудан тұрғындары!

 Сіздерден, өз еркімен жер учаскілерін басып алу фактілерінің куәгері болған жағдайда, өкілетті органға ақпаратты жолдауыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 42-бабының 10-тармағына сәйкес Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

Ақпаратты тиісті өкілетті органдардың электрондық мекен жайына жолдауыңыз мүмкін:

1)    Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы                                  upr.zemkontrol.almaty@mail.ru

2)    Алматы қаласы Жер қатынастар басқармасы uzoalmatа@mail.ru

3)    Алматы қаласы Бостандық аудан әкімінің аппараты bostandyk.almaty.kz