Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
ТКШ ТКШ



Бостандық ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстар есебі


Бостандық ауданының тұрғын үй қоры «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, ӨЭС-2, ӨЭС-5 коммуналдық қызметтері қызмет көрсететін, 120 пәтер иелері кооперативтерінің және 15 меңгеруші компаниялардың құрамына кіретін 1 792 үйден (алаңы 5 905 060 м2 болатын 94 220 пәтер) тұрады.

Аудан әкімінің аппараты тұрғын үй қорын меңгеруші органдармен және «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-мен қосыла отырып көппәтерлі үйлерге жалпыүйлік жылу энергиясын есептеуші құралдарды орнату жұмыстарын жалғастыруда. 2018 жылда аудан бойынша 1 312 көппәтерлі үйлерге 1 763 жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдары орнатылған. Алдағы уақытта 14 көппәтерлі үйге 15 есеп құралы орнату бойынша «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-не тапсырыстар берілген (салыстырмалы түрде айтатын болсақ 2017 жылдың осы уақытында 1363 есеп құралына тапсырыс берілген болатын).

2018 жылдың 12 айы ішінде коммуналдық қызметтердің күшімен магистралдық және таратушы инженерлік желілерде 360 апатты-қалпына келтіру шаралары атқарылды. Оның ішінде «Алматы Су» МКК тарапынан – 113 апаттық-қалпына келтіру жұмыстары, «Алатау Жарық Компаниясы» тарапынан – 107 апаттық-қалпына келтіру жұмыстары, «Алматы жылу жүйелері» ЖШС тарапынан – 140 апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жайлардың барлығы ретке келтірілді. Қалпына келтірілген жерлердің шөгіп кеткен орындары пайда болған жағдайда қайтадан қалпына келтіру жұмыстары коммуналдық қызметтердің кепілдік міндеттері негізінде атқарылады.Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аудан әкімі аппаратының тұрақты назарында (салыстырмалы түрде айтатын болсақ 2017 жылдың осы уақытында 376 апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын).

«Алматы қаласының аумағын көріктендіру ережелерінің» талаптарының сақталуын қадағалау шаралары күнделікті түрде аудандағы аулаларды табиғатты қорғау полиция инспекторымен бірлесіп аралау жолымен атқарылуда. Аталған ережелердің талаптарын сақтамаған тұлғаларға әкімшілік әсер ету шаралары қолданылды. Жыл басынан бері өткен 9 ай ішінде «Алматы қаласының аумағын көріктендіру ережелерінің» талаптарын сақтамаған 47 пәтер иелері кооперативтеріне байланысты 3 511 200 теңгеге хаттамалар толтырылды (салыстырмалы түрде айтатын болсақ 2017 жылдың осы уақытында 37 ПИК төрағаларына 3 254 470 теңгеге хаттамалар толтырылған болатын).

Көппәтерлі үйлердің тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында заң талаптарына сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамалар негізінде аудандағы 130 аулада күрделі жөндеу жұмыстарын өткізілді (2017 жылы күрделі жөндеу жұмыстары 30 аулада өткізілген болатын).

Аудан әкімінің аппараты тарапынан тұрғындар мен тұрғын үй қорын меңгеруші органдар арасында мемлекеттік Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылға аудан бойынша бағдарламаға қатысу үшін «Алматы тұрғын үй» ЖШС-не 100 үй атынан жалпы сомасы 1 251,1 млн. теңгеге өтініш түскен, оның ішінде 63 өтініш жалпы сомасы 834,7 млн. теңге болатын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары (шатыр, қасбет, кіре берістер, инженерлік жүйелер) жайында болса, 37 үй бойынша жалпы срмасы 416,4 млн. теңгені құрайтын лифтерді алмастыру сұралған.

2018 жыл басынан бері жалпы сомасы 1 013,8 млн. теңге болатын 85 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: 48 үйде жалпы сомасы 597,4 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары (шатыр, қасбет, кіре берістер, инженерлік жүйелер), 37 үйде жалпы сомасы   416,4 млн. теңгені құрайтын 64 лифт қондырғыларын алмастыру жұмыстары атқарылды. (2017 жылы 90 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын).

Жалпы сомасы 103,8 млн. теңгені құрайтын 5 көппәтерлі үйдің жөндеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығынан 2019 жылға жылжытылды. Жалпы биіктігі 5 қабаттан жоғары 10 үйдің жалпы сомасы 140,0 млн. теңгені құрайтын жөндеу жұмыстары қосымша 45 күн ішінде дайындалатын мемлекеттік сараптама қажет болуы себепті атқарылмады. Қазіргі кезде осы үйлердің арасынан 1 үй бойынша сараптама өткізілуде, ал қалған 9 үйдің тұрғындары сараптама есебінен жөндеу жұмыстарының құнының қымбаттағанына наразылық білдірді. («Алматы тұрғын үй» мекемесі жұмыс басталар алдында сараптама жөнінде ешқандай хабарлама жасамаған).

2019 жылға арналып аудан бойынша бағдарламаға қатысу үшін «Алматы тұрғын үй» ЖШС-не 100 арыз түскен. Қабылданған 45 тұрғындардың жалпы жиналысының хатамасы бойынша 31 үйге атынан жалпы сомасы 366,9 млн. теңгені құрайтын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын (шатыр, қасбет, кіре берістер, инженерлік жүйелер) атқару қажет болса, 14 үй бойынша жалпы сомасы 166,1 млн. теңгені құрайтын 22 лифтерді алмастыру сұралған. Аудандағы 18 ПИК-терге 59 жобалық-сметалық құжаттамалар талқылау үшін тапсырылған (2017 жылдың осы уақытында 100 тапсырыс, 4 жалпы жиналыс хатамалары тапсырылған болатын).

2018 жылы инвесторларды тарту жолымен 17 көппәтерлі үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары атқарылды (өткен жылы – 66 қасбет).

2018 жылда аудан бойынша 326,144 мың м2 тұрғын үй (229 тұрғын үй ғимараты) қолдануға берілді, оның ішінде: 239 646 мың м2 (26 ғимарат 2 214 пәтер) – көппәтерлі үйлер, 86 498 мың м2 (203 ғимарат) – жеке тұрғын үй құрылысы.

Үстіміздегі жылдың 11 айында тұрғын үй құрылысына тартылған инвестицияның көлемі – 44,3 млн. теңге (2017 жылда 298,0 мың м2 тұрғын үй қолданысқа берілген, өткен жылдың 11 айында құрылыс саласына 28 410,0 млн. теңге инвестиция тартылған).

 

 

Бөлімнің 2019 жылға тапсырмалары:

 

1.     120 аулада күрделі жөндеу жұмыстарын атқару;

2.     Көпқабатты тұрғын үйлерде жалпыүйлік есептеу құралдарын орнату жұмыстарын ПИК төрағалары, «Алматы жлу жүйесі» ЖШС бірлесе атқару;

3.     Жер қазу жұмыстарынан кейін асфальт төсемдерін уақытылы орнына келтірілуін бақылау;

4.     Аулаішілік аумақтарды жинау жұмыстарына бақылау;

5.     Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін бояу жұмыстарын жалғастыру;

6.     Ағымдағы жылыту маусымын тұрақты аяқтап, 2019 – 2020 жылдар жылыту маусымына дайындық жұмыстарын атқару;

7.     Коммуналдық қызмет жеткізушілері алдындағы дебиторлық берешекті азайтуға бағытталған жұмысты жалғастыру.

 

 

    Коммуналдық-шаруашылық

    бөлімінің басшысы                                                                                 Ә. Әліпбеков