Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Аумақтық мал дәрігерлер инспекциясы


                                    Аумақтық мал дәрігерлер инспекциясы

Абайлаңыз эхинококкоз!


Эхинококкоз - бауыр, өкпе және тағы басқа мүшелерді киста түзутүрінде зақымдайтын паразитарлық ауру. Эхинококкозбен адамдар мен жануарлар ауырады. Ауру көзі жиі жағдайда иттер, сирек жағдайда мысық, қасқыр, шибөріболып табылады. Адам иттерді сипап, одан кейін қолдарын сабындап жумаса, ауру жұқтырады. Адамнан адамға эхинококкоз жұқпайды. Ауыл шаруашылығы жануарлары бұлауруды ауру жұққан иттер нәжісімен ластанған  шөптерді  жегенде, суларды ішкенде  жұқтырады. Ал иттер ауыл шаруашылығы жануарларын сою кезінде анықталған эхинококкпен зақымдалған мүшелерін жегенде, ауруды жұқтырады. Сонымен қатар ауру жұққан иттер қоршаған ортаға қоздырғыштарды таратады. Эхинококкозға тексеру жоспарлы мынадай тәуекел топадамдарынажүргізіледі:ветеринария қызметкерлері, мал шаруашылығы фермаларының, ет өңдейтін кәсіпорындардың, мал соятын пункттердің, малды жою және көму объектілерінің қызметкерлері, малшылар,аңшылар,орманшылар, иттердің иелері, көрсетілген мамандықтар иелерінің отбасы мүшелері. 

Алдын  алу ережелерді сақтау керек: жануарлармен қатынасқаннан кейін, бақшада жұмыс жасаған соң, қолды сабындап жуу керек; балалар ойнайтын алаңдарда иттердің жүруіне жол бермеу құмның ластануынан сақтау керек; үй жануарларына ветеринариялық тексеру мен дегельментизациясын жиі жүргізу; мысық және иттерге сойылған ауру малдың ішкі органдарын беруге болмайды; жемістер және көкөністерді қайнаған сумен мұқият жуу; жанұяның бір мүшесінде паразитарлы аурулар анықталған жағдайда барлық отбасын, соның ішінде үй жануарларын да емдеу керек.