Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары тарапынан стоматологиялық ұйымдарды тексеру. Санитарлық-эпидемиологиялық аудит.


2014 жылдың ақпанынан бастап Бостандық ауданы бойынша Мемсанэпидқадағалау басқармасы қайта құрылғаннан кейін Бостандық аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы деп атауын ауыстырды. Оған белгілі функциялар мен өкілеттіктер жүктелді және мұндағы қызметтің негізгі бағыттары болып табылатындар:

-   «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды жетілдіру».

-   «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау».

-   «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама».

- «ҚР-да кәсіпкерлік қызмет үшін талаптарды жетілдіру шараларын жетілдіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдану аясында өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау мен қадағалау».

Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына шағын кәсіпкерлердің шағымдануы барлығына мәлім, сол себептен соңғы уақыттарда заңнамалық актілерге бақылау мен тексеру жүйесіне толықтыру мен өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрінің 28.12.2015ж. №804 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жоспардан тыс тексерулер және ерекше тәртіп бойынша тексерулер үлгісіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауға жататын объектілердің тізілімі анықталған. Сондай-ақ, көрсетілген бұйрыққа сәйкес, стоматологиялық ұйымдардың қызметі амбулаторлық-емханалық көмек бағдарына жатады. Ол өз кезегінде жоғарғы эпидемиялық мән объектілеріне жатады (ерекше тәртіп бойынша тексеруге жататын) – жарты жылда 1 рет. Осылайша, ағымдағы жылы ТҚҚ органдары тарапынан тексеру 29.10.2015ж. №375-У ЗРК Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес базалық мерзімділік бұйрығымен бекітілгенге сәйкес жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Бостандық ТҚҚБ-ның бақылауында барлығы 70-тен астам стоматологиялық профиль объектілері – жеке ұйымдар ретінде және көп салалы емдеу-профилактикалық мекемелер құрамында бар. 2014-2015 жылдары стоматологиялық кабинеттер мен клиникалар Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий аясында Бостандық ТҚҚБ-ның тарапынан тексеруге ұшырамады. Алайда, келген 2016 жылы олар қарастырылған критерилерге сәйкес жоспарланған және Ұлттық сараптама орталығы зертханашыларымен бірге басқарма мамандарының кешендік тексерулерін өткізу кезінде міндетті тәртіпте тексерілді/тексерілетін болады. Соның ішінде зертханалық зерттеулер мәселесіне жеке назар аударылатын болады. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 90 бабына сәйкес: «Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес санитарлық-індетке қарсы және санитарлық-профилактикалық iс-шаралар жүргiзуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті». Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.02.2015ж. №127 бұйрығымен бекіткен «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелердің 7 қосымшасы 2 кестесіне сай ЕПМ объектілерінде өндірістік бақылауды (физикалық факторларды бақылау, санитарлық-химиялық бақылау, ұйымның санитарлық жағдайын бағалау кезіндегі санитарлық-бактериологиялық көрсеткіштер, сонымен қатар жабдықты физикалық-химиялық бақылау) жүргізген кезде сапалы көрсеткіштер қарастыралады. Баяндалғандардың түріне қарай, объектілер жоғарыда аталған зертханалық-құралдық зерттеулерді жүргізу мақсатында мамандандырылған аккредиттелген зертханалармен шарттарды жасауы қажет. Нормативтік-құқықтық актілердің осы және басқа да талаптары тексеру шараларын жүргізу кезінде тексерілетін болады. Шаруашылық жүргізу субъектілері қарауындағы кәсіпорында санитарлық ережелердің талаптарын орындамаған жағдайда, қарауындағы кәсіпорындарға қатысты әкімшілік істер қозғалатын болады және субъект кейінгі күнтізбелік жыл ішінде құқық бұзушы мәртебесін иеленетін болады.

Бұдан басқа, стоматологиялық профильге қатысты жаңалықтардан жаңа бағытты – санитарлық-эпидемиологиялық аудитті белгілеу қажет. Жаппай жұқпалы, паразиттік, кәсіптік және өзге аурулардың пайда болуын ескерту қызметін профилактикалық қадағалаудың ертеден келе жатқан жүйесіне балама Қазақстан Республикасының үкіметі құрған жаңа бағыт туралы сөз болып отыр. Осы қызметке санитарлық-эпидемиологиялық аудит жүргізу функциясы жүктеліп отыр. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 62-1 бабына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық аудиттің оң қорытындысы індетті мәнді объектілерді ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерулерден босату үшін негіздеме болып табылатындығы жағдайдың негізгі екпіні болып табылады. Басқаша айтқанда, құрылған қызметпен шарт жасап, олардан санитарлық-эпидемиологиялық есеп алған соң, кәсіпкер автоматты түрде заңды деңгейде ТҚҚ аудандық басқармалар тарапынан ерекше тәртіп бойынша тексерулерден босатылады. Алайда, аудитке өту объектілерді жоспардан тыс тексерулерден босатпайтындығын ұмытпау керек! Тексерілетін субъектілердің жоспардан тыс тексерілуіне негіздеме Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144 бабы 3 тармағында көрсетілген.

Шарттарды жасау үшін біліктілік талаптары, санитарлық-эпидемиологиялық аудит процедураларын жүргізу сатылары, қызметті алушы тарапынан қажетті құжаттар, аудиторлардың міндетті және басқа да туындайтын мәселелер туралы ақпаратпен аталған Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 216 Бұйрығымен бекітілген Санитарлық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларында толығырақ танысуға болады. Қорытындысында, санитарлық-эпидемиологиялық аудит жүргізетін ұйыммен еңбек қатынастарына түскенде объектіге қызмет алушы мәртебесі автоматты түрде берілетін болады, одан кейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары қарауындағы ұйымды ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне қоюға құқылы емес және тиісінше, ерекше тәртіп аясында объектіде тексеру іс-шараларын өткізеді деп баптарды жинақтауға болады.