Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Мамандар ұсыныстары: Кене энцифалиті


Алматы және оның облысының таулы аймақтары- кене энцефалиті ауруының кең таралуына қолайлы орта болып табылады.
            Таулы аймақтарда жұмыста, саяжайда, демалыста болған жағдайда әсіресе көктем мезгілдерінде кенелердің көп екендігі жайында ұмытпаған жөн. Себебі кенелер табиғатта кене энцифалит ауруы вирусының тараушылары және қоздырушылары болып табылады. Кене энцифалиті жаз бен көктем кезінде қозып, орталық жүйке жүйелерін қабындырады.
            Бұл ауру- вирусы бар кенелердің адам денесінде қадалып, қанын сору арқылы немесе ешкі, қой сүттерін  шикідей қолданылған кезде жұғады.
            Ауру жұққан кезеңнің ең алғашқы белгілерінің пайда болу аралығы  3 күннен 15 күнге дейін өтеді. Ауру тұмау тәріздес болып басталады. Адам қалтырап дене қызуы көтеріледі, басы сынып ауырып, бей- жай күйге түседі. Дене бұлшық еттерінің ауырсынуы байқалып  жүрек айналып,  лоқсып құсады. Аурудың ауыр түрлерінде қол, иық, мойын бұлшық еттерінің параличі дамып, артынан салдыққа әкеп соғады.
            Кенелер ерте көктемнен бастап, қалың күзге дейін өздерінің белсенділігін танытады. Бірақ олардың ең көп белсенділік арттыратын кезеңі сәуір –маусым айларына сәйкес келеді. Дене жабысып, қан соратындары тек ұрғашылары, олар вирусты болашақ тұқымдарына таратады. Кенелер дененің барлық жерлеріне, бірақ көбінесе бас, шаш арасына, мойын қол астына  байқатпай жабысады.
            Ғалымдардың есептеуінше табиғатта кенелердің 8 % ғана жұқпалы. Алайда сырт келбетіне қарап олардың қайсысы сау екенін байқау мүмкін емес, сондықтан алдын- алу жұмыстарында ең алдымен олардың денеге енуін болдырмау керек. Ол үшін басты жауып, әлсін-әлсін киілген киімдерді тексеріп, қарап тұру керек. Егер жыбырлаған жәндік немесе кене табылса, ақырын түсіріп тастау қажет. Еш уақытта басып шаншуға болмайды. Дала немесе саяжай жұмыстары біткеннен кейін, жақсылап бүкіл денені  тексеріп шығу керек. Денеге жабысқан кенелерді майлы затпен сүртіп, қысқышпен шымшып алып тастайды.
Қысқыш болмаған жағдайда кененің  денеге жабысқан жерінен мықты жіппен ептеп тартқылап шығарып алу керек. Кене шаққан жерді дезинфекциалауға арналған (спирт, әтір, арақ) кез келген заттармен сүртіп тазарту керек. Егер кенені өзіңіз шығара алмасаңыз мекен- жайыңызға байланысты медицина бөлімшелеріне қаралғаныңыз жөн болады. Сол жерде кене энцифалитіне қарсы иммуноглобуллин егілуі тиіс. Таулы аймақтарда жұмыс жасайтын адамдар алдын ала егілуі тиіс.