Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Эхинококоз


Эхинококкоз. Бұл Қазақстан, Қырғызстан, Грузия және Ресейдің Саратов, Омск және тағы басқа облыстарында үй жануарлары мен жабайы аңдарда   және  адамдарда кездесетін Echinococcus granulosus  созылмалы жұқпалы ауру. 

Эхинококкоз – жануарлардың инвазиалық ауруы, осы аурумен ауырған жануарлар мен малдардың ішкі құрылысын пайдаланған жағдайда адам ағзасына жұғады. Оның қоздырғышы – ішкі қуысы сұйықтыққа толған біркамералы будыршақтар. Эхинококк будыршақ көлемдері  әр түрлі бидай дәнінен, жас сәбидің басындай болады. Жануарлар ағзасында оның көлемі бір және оннан да көп  кездеседі, оны Ленталық саты дейді.  Е. granulosus  түрі ит, түлкі, қасқырларда кездеседі.   Эхинококк жұқтырған    бауыр, өкпе, бүйректің көлемі және түсі  өзгеріп кетеді. Кейбір жағдайда оны жұқтырған ағза эхинококк будырщақпен көмкеріліп кетеді.  ( 19.4, 19.5 сурет). Мұндай ағзаның көлемі ұлғайып, қатайып түсі өзгеріп кетеді. Эхинококкоз ауруын өкпе түберкүлезінен айыра білу қажет, себебі олардың ұқсастықтары өте көп.   Сондықтан ет өнімдерін пайдалану кезінде мұқият болу шарт. 

Алматы қаласы
Азық -түлік қауіпсіздігі 
және көшпелі нысандар 
аймақтық  инспекциясы бөлімінің бас маманы
Темершинова Ж.Б